14
февраль
2018
"Егемен елдің ерікті жастары"
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Надек ауылы, "Надек орта мектебі" КММ-де "Егемен елдің ерікті жастары" тақырыбында "Жайдарман" КТА ойыны өтті. Жайдарман" КТА ойынына Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Меделбеков Ғабиден Салиқолдаұлы, Аудандық мәдениет үйінің қызметкері Саурықов Арман Дуанбекұлы, "Бірлік" округі әкімінің орынбасары Тұмақбаев Еділ Асанұлы, "Бірлік" округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Ерғали Сабира Мұхаметқалиқызы, Алтыүй мәдениет үйінің директоры Күдербаева Бағлан Смаилқызы, Ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Розиева Сахинур арнайы шақырылды. Қонақтар командалардың өнерін тамашалап, қазылық етіп, әділ бағасын берді.







