23
октябрь
2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

«Жетісу облысының білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Надек орта мектебі» КММ 2025 жылғы 13 қазандағы
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Надек орта мектебі» КММ 2025 жылғы 13 қазандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген
1. Мектептің осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – «Надек орта мектебі» КММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін айқындау болып табылады.
«Жетісу облысының білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Надек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
1-тарау. Жалпы ережелер1. Мектептің осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – «Надек орта мектебі» КММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін айқындау болып табылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
- Мектеп қызметшілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты іс-қимылды қалыптастыру;
- Мектеп қызметшілерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін нақты айқындау;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу;
- заңдылық;
- адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа ал;
- жариялылық пен айқындық;
- мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алшараларын басым қолдану;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Мектеп қызметшілерінің іс-әрекет қағидалары
5. Мектеп қызметшісі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында:
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге және қорғауға Қазақстан Республиасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың жолданымдарын, хабарларын, пікірлері мен сұрау салуларын қарауға және олар бойынша қажеті шаралар қабылдауға;
- адал, әділ және қарапайым болуға, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған морладық-әдептік нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге;
- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі этносаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, сондай-ақ Қазақстан халқының чалт-дәстүрлеріне құрметпе қарауға;
- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға негіз бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және қызметін жетілдіру мақсатында сындарлы сынды пайдалануға;
- шындыққа сәйкес келмейтін немесе тексерілмеген мәліметтерді таратпауға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
- өзінің лауазымдық өкілеттерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке, соның ішінде мүліктік және мүліктік емес пайда алу мақсатында пайдаланбауға.
- қол астындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін нақты айқындауға;
- еңбек жүктемесін жұмыс тәжірбиесі мен атқаратын лауазымын ескере отырып, қол астындағы қызметшілер арасында біркелді бөлуге;
- қол астындағы қызметшілердің жұмыс нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану барысында әділдік пен объективтілік танытуға;
- қол астындағы қызметшілерге қатысты негізсіз айыпталуға, дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке және теріс мінез-құлыққа жол бермеуге;
- қол астындағы қызметшілерге лауазымдық міндеттеріне кірмейтін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, сондай-ақ орындалуы мүмкін емесөкімдер мен тапсырмалар бермеуге;
- қол астындағы қызмешілерді қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ немесе жеке сипаттағы тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге;
- қол астындағы қызметшілердің міндеттеріне қатысы жоқ немесе жеке сипаттағы тапсырмаларды орындауға жол беруіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол астындағы қызметшілер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуды және долын кесуді қамтамасыз етуге;
- Мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуге және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында, Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол бермеуге;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі, оның ішінде қаржы нарығы субъектілерін қоса алғанда, қызметтерді тұтынушылардың пікірлерімен ұсыныстарын ескере отырып, тұрақты негізде шаралар қабылдауға;
- қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және қажетті құжаттардың нысандары туралы толық әрі нақты апарат ұсынуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бекітілген тізімге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеуге және сұрамауға;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған өтініштерді және қызмет алушылардың шағымдарын қарау кезінде шатастыруға жол бермеуге, оларды белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
- мызметтік емес қарым-қатына орнатпауға және өтініш берушілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде тікелей байланысты барынша азайтуға;
- қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңсыз бас тартуға жол бермеуге;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерідң қоғамдық мониторингінің нәтижелерін қарауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған рәсімдерді жеілдету, мерзімдер мен құжаттар тізімін қысқарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
- азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен бостандықтарын сақтау қамтамасыз етуге;
- Мектепке жұмысқа қабылдау кезінде қызметшілерге олардың негізгі міндеттері, тыйым салулар мен шектеулер туралы толық түсінік беру;
- Кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;
- Мектеп қызметшілерінің жеке дерекетері туралы ақпаратты жария еуге жол бермеу;
- Жұмысқа орналасуға кандидаттардан еңбе шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;
- Мектеп қызметшілеріне қатысты объективті және жан-жақты қызметтік тексерулер жүргізу.
3-тарау. Өзге де шектеулер, тыйымдар және талаптар
10.Мектептің қызметшісі өз құзыреті шеңберінде міндетті:
- Қазақстан Республикасының Президентінің саясатына адал болуға және оны жүйелі түрде іске асыруға;
- Заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және басқа нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа және мектеп туралы заңнаманы қатаң сақтауға;
- Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкіліттіктерге адал және бейтарап болуға, сондай-ақ өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауға;
- Мемлекеттік меншікті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуге, оны ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
- Мектепке сатып алу үшін пайдаланатын ақшалай қаражатты тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етуге және оларды болдырмауға;
- Мектептің қызметшісі өзінің лауазымдық өкілеттерін орындау кезінде алынған кез келген ақпаратты, оның ішінде үшінші тұлғаларға қатысты қызметтік, коммерциялық (оның ішінде бағалы қағаздар нарығында), банктік, микрокредит беру, коллекторлық қызет, сақтандыру, зейнетақы жинақтары және жеке салымдар (жинақтар), мемлееттік құпияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты жария етпеуге;
- Мүдделер қақтағысын болдырмау және оны шешу жөнінде шаралар қабылдауға;
- Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған бойда тікелей басшыны немесе мектеп басшылығын жазбаша хабардар етуге;
11) Мектептің оң имиджін сақтау үшін міне-құлықтың әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді орындау, мемлекттеік қызметтер көрсету және ішкі өзара іс-қимыл жасау кезінде дұрыс ім-қимыл көрсетуге.
11. Мектеп қызметшісіне мынандай әрекеттерге тыйым салынады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттерді жасауға;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметін қызметті жүзеге асыруға;
- Басқа адамадарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу немесе көндіруге;
- Басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;
- Мектептің қалыпты жұмысын бұзатын немесе лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін қызметке қатысуға;
- Жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын үшінші тұлғаларға беру немесе өз мемлекеттік функцияларын оларға тапсыруға;
- Келіп түскен немесе қызметтік іс-шаралар кезінде мектепке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беруге;
- Өзінің жақын туыстарының (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңлі, аталары, әжелері, немерелері), жұбайының және жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысыт мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдалануға;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, өзінің жақын туыстарымен (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңлі, аталары, әжелері, немелері), жұбаймен және жекжаттарымен бірлесіп жұмыс істеуге;
11)Мектеп үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болуға;
12) өтініштерді қарау және шешімдерді қабылдау кезінде заңды және (немесе) жеке тұлғаларға құқыққа қайшы артықшылықтар беруге;
13) өзінің лауазымдық жағдайын мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануға;
14) біреуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және кіріс алу қызметтері бойынша кез келген жәрдем көрсетуге;
15) материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынған үшінші тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер (әрекетсіздік) үшін қабылдауға;
16) өзінің лауазымдық өкілеттерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, заңды немесе жеке тұлғалардан мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды, ақша, көрсетілетін қызметтер немесе өзге де нысандар түрінде сыйақы алу үшін өкілеттілікті пайдалануға;
17) Мектептің қызметкерлеріне және өзге тұлғаларға олардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүлікті пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу мақсатында сыйлықтар беруге немесе қызмет көрсетуге;
18) инвестициялық қорларды пайдаланып, коммерциялық ұйымдарыдң акцияларын сатып алуға;
19) кредиттер мен несиелер алу, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті және өзге мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға;
20) өзінің қызметтік қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға;
21) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе шығару мақсатында ресми таратылмайтын қызметтік және өзге ақпаратты пайдалануға;
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және өз құзыретіне кіретін өзге мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзуға;
23) осы ақпаратты ұсынуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жеке немесе заңды тұлғалардан ақпаратты талап етуге;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруден негізсіз бас тартуға, оның мерзімін кешіктіруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге;
25) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдарға жататын ойын мекемелерінде, сондай-ақ оған арналмаған орындарда немесе телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
12. Мектептің қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақатуға міндетті.
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мектептің қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
14. Мектеп қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауын бақылау міндеті басшыға жүктеледі.